• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 03:12:40
Алматы
+7°

Абай облысының Тассай ауылында балық өңдіру цехы ашылды. 

Балықшылар ауылында балық өңдіру цех ашылды. Енді ауыл тұрғындары өзге қалаларға өз өнімдерін тасымайтын болды.

Ьч

Ауылдағы жас кәсіпкер Бақтияр Ибрагимов балық цехын ашып, балықты толық өңдеуге мүмкін берді. Цехтың құрылуы ауылдың экономикасы мен әлеуметтік жағдайына оң әсерін тигізіп, 20 жаңа жұмыс орны ашылды.

Лв

Кәсіпорын сазан, шортан, көксеркенің етін, одан бөлек балық қанаттарын сатады. Цехтың қуаттылығы күніне 1 тоннаға жуық жоғары сапалы балық өнімдерін шығара алады. Тассайда өндірілген өнім Семей, Алматы, Астана қаласының сауда орталықтарында сөрелеріне сатылып жатыр.

Балық цехының иесі мемлекеттік бағдарламалар арқылы қосымша қаржы алып, кәсіпорынды кеңейтіп, тағы да 50 жаңа жұмыс орынын ашуды жоспарлап отыр.

Ьч

Тассай ауылы ежелден балық шаруашылығы жақсы дамыған елді мекен. Ауыл аудан орталығы Көкпектіден 60 шақырым, Зайсан көлінен 40 шақырым жерде орналасқан. Бүгінде ауылда 867 адам тұрады, олардың көпшілігі балық аулаумен айналысады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір