Фото: Ашық дереккөз
Жыл басынан бері 210 адам Қазақстанның Ресеймен шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған. Бұл туралы брифиңде ҚР ҰҚК Шекараны қорғау департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Ахметқалиев мәлімдеді.
Соңғы уақытта Қазақстанға транзиттік жолаушы ретінде келіп, ары қарай Ресейге заңсыз кіруге тырысатын шетелдіктер саны көбейген.
"Мұндай фактілер барлық облыста дерлік қайталанды. Әсіресе Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстарында жиі болып тұрады. Ұсталған 210 азамат Ресей арқылы Еуропа елдеріне өтпек болған. Қазір олар өз елдеріне депортацияланды" - деді Ахметқалиев.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір