• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:50:38
Алматы
+12°

Ақмола облысында жалпы ауданы 264 га болатын, спорттық мақсаттар үшін ұзақ мерзімге  пайдалануға берілген орман қорының учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, учаске 2018 жылдан бастап көзделген мақсатта пайдаланбаған, жалдау ақысы төленбеген.

Сонымен қатар, орман өрттері қаупінің жоғары дәрежесіне қарамастан, олардың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізбей, өртке қарсы жоспарлар әзірлемеген.

"Жоғарыда аталған мән-жайлар аудан прокуратурасының актісі бойынша уәкілетті органмен сотқа жүгінуге негіз болды. Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты бұзылып, жалпы құны 1,6 млрд. теңге болатын учаске мемлекет меншігіне қайтарылды", – делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жер мәселесі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір