11 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Жарты жылда Қазақстанға көшіп келген шетелдіктер саны 87 пайызға артты.
Жылдың алғашқы алты айында Қазақстанға 13 652 адам көшіп келсе, 6 996 азамат шет елге кетіп қалған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
Өткен жылмен салыстырғанда келгендер саны 87,3%-ға артып, кеткендер 56,7%-ға азайған. Елге көшіп келгендердің көпшілігі Астанада, Алматыда және Шымкентте тұрып жатыр.
1 шілдедегі есеп бойынша елдегі халық саны 19,8 миллионға жеткен. 12,3 млн адам қалада, 7,5 млн адам ауылдық жерлерде тұрады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір