• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 16:30:33
Алматы
+12°

Алматы облысында 2002 жылы туған қыз суға түсуге тыйым салынған  жерде  шомылып жатып суға батып кеткен. 

Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді. Қайғылы оқиға Қапшағай су қоймасында болған. Бір топ жастар суға түсу үшін белгіленбеген жерде "Пионер" демалыс аймағының маңындағы тоғанның жанында демалып жатқан. Жастар алкогольдік мас халде суға түсуге бел буған. Өз күшін есептей алмаған бойжеткен тереңге дейін жүзіп, суға батып кеткен.

Бұл су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болған. Қауіпсіздік ережелерін бұзған 5 азамат Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген ТЖД хабарламасында.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ескертулер мен тыйым салу белгілері бар, ескерту тақталары ілінген жерлерде суға түсуге, сондай-ақ жүзуге жабдықталмаған, бейтаныс жерлерде суға түсуге қатаң тыйым салынатынын ескертеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір