• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 09:52:49
Алматы
+12°

Шымкентте таныстары мен туыстарын алдап, 340 млн теңге жымқырған қылмыстық топтың мүшелері сотталды. 

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қалалық полиция бөлімшесіне жалған тендермен айналысатын алаяқтардың құрбаны болғанын айтып, 235 адам шағым түсірген.

Жәбірленушілердің айтуынша, өз таныстары тендермен айналысатын бастығына көмек қажеттігін алға тартып, несие рәсімдеуге үгіттеген. Жасаған жақсылығы үшін тиесілі үлесін беруге және банк алдындағы қарызды толық өтеуге уәде еткен. Көбінесе олар несиені тауарлай рәсімдетіп, алынған қымбат техниканы қайта сатып, шыққан соманың 10-12 пайызын сыйақы ретінде беріп отырған. Алайда ай сайынғы төлем уақыты келгенде, күдіктілер қоңырауға жауап бермей, іздерін суытқан. Салдарынан несие өсімі көбейіп, азаматтар қарызға белшесінен батқан.

11 адамнан тұратын қылмыстық топтың құрбандары Түркістан облысының және Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Аталған жайтты тергеушілер ҚР ҚК-нің 190 бабы бойынша іс қозғады. 

Қылмыстық топ 23-43 жас аралығындағы 4 әйел және 7 ер адамнан тұрған. Оның ішінде екі банк менеджері бар. Олардың әрқайсысының өз міндеттері болған: кейбірі несие алатын адамдарды табумен, екеуі оны рәсімдеумен, қалғандары сатып алынған тауарларды алып-сатумен айналысқан. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 340 млн теңгеге жуық. Арызданушылар әртүрлі банктерден 250 мың теңгеден 6 млн теңгеге дейін қарыз алған.

Тәртіп сақшылары жинақталған іс-құжаттарды айыптау актісімен сотқа жолдады. Айыпталушылардың әрқайсысы жасаған қылмысы үшін 5 жылға дейін сотталды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: алаяқтық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір