08 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Елордалық мектептегі бала өлімінен кейін Қазақстанда спорттың құрал-жабдықтарға тексеру жүргізілмек. Бұл туралы Үкіметтің кулуарында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді
"Тергеу жүргізілуде. Білім басқармасына кешеден бастап барлық мектептердің спорт алаңдарын тексеру тапсырылды. Астанада ғана емес, еліміздің барлық өңірлерінде спорт алаңдары мен жабдықтар тексеріледі", - деді министр.
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мектептерде ведомство өрт қауіпсіздігі желісі бойынша тексерулер жүргізіп жатқанын атап өтті. Министр мектептердің басшылығы қауіпсіздік техникасы бойынша күнделікті нұсқама жүргізуі қажет екенін айтты.
Ал мектеп ауласында 10 жастағы боланың қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қайғылы жағдайға жауаптылардың есімі жақын арада аталады,
Естеріңізге сала кетейік, 7 тамыз күні кешке Астанада үстіне футбол қақпасы құлаған 10 жасар бала мерт болды. Оқиға №10 мектеп аумағында болған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір