• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:02:41
Алматы
+12°

Антикордың Шымкенттегі департаментінің бастығы Дәурен Ерғарин жеке меншікке заңсыз берілген қанша жер учаскесі қайтарылып жатқанын хабарлады.

Оның жазуынша, Шымкентте тығыз құрылыс салуға жол бермеу мақсатында жеке меншікке заңсыз берілген жер учаскелерін мемлекет пайдасына қайтару бойынша мақсатты іс-шаралар ұйымдастырылған.

"Қазіргі таңда сот шешімімен аукционсыз кәсіпкерлерге берілген жалпы ауданы 77 гектар, құны 3 млрд теңгеге жуық 46 жер учаскесі мемлекеттің балансына қайтарылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ", - дейді ол.

Ерғариннің жазуынша, бұған дейін Алматы қаласында тау бөктеріндегі құрылыс саласында осы тұрғыдағы заңбұзушылықтар анықталған.

 

Дереккөз: Ulysmedia.kz

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жер мәселесі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір