• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:12:45
Алматы
+12°

Украина президенті Владимир Зеленский биыл күзде бейбіт саммит өткізуді ұсынды. Ол Сауд Арабияда осы аптада өтетін келіссөздер саммиттің алғашқы баспалдағы екенін де атап өтті. 

Украина президентінің веб-сайтында жарияланған деректерге сүйенсек, 5 және 6 тамызда Джиддадағы кездесуде 40-қа жуық ел қатысады. 

"Біз бейбіт саммитің биыл күзде өтуі үшін қолымыздан келгенін жасаудамыз. Күз мезгілі де таяп қалды. Алайда саммит өткізуге және көптеген елдердің қатысуы үшін біраз уақыт керек", делінген Зеленскийдің мәлімдемесінде

Саммиттің күн тәртібі өткен жылдың күзінде Киев әзірлеген 10 тармақтан тұратын жоспарға негізделеді. Онда көрсетілген бейбітшілік тұжырымдамасы Украинаның аумақтық тұтастығын толық қалпына келтіруді және Ресей әскерлерін толық шығаруды, азық-түлік пен энергетикалық қауіпсіздікті, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, барлық тұтқындарды босатуды және басқа да пункттерді қарастырады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір