03 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап үй жануарларын есепке алу туралы ереже күшіне енеді. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.
Ереже бойынша иттер мен мысықтарды есепке алу міндеттеледі. Үй жануарларын есепке алуды жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, ветеринария саласында емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Есепке алу нормалары бұзылған жағдайда "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 407-2-бабында тиісті айыппұл көзделген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір