• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 05:05:13
Алматы
+12°

Жетісу облысының білім беру саласында жымқырылған қаржы көлемі 4,4 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.

Ведомство қызметкерлері Талдықорған қаласы білім беру бөлімі басшысының ұрлыққа көз жұма қарағаны үшін 280 млн теңге көлемінде пара алғанын анықтаған. Ал мекеме есепшісінен 1 млрд теңге  тәркіленді.

Ал Ақтөбе облысында ревизиялық комиссиясының мемлекеттік аудиторы 500 мың теңге ақша алғаны үшін 15 млн теңге айыппұл арқалаған.

Қазір білім беру саласында жемқорлық бойынша 100-ден астам қылмыстық іс тіркелген. Ұрланған қаржының көлемі 8 млрд теңгеге дейін жетеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір