02 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: Twitter
Астанаға Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрі Нуриддин Азизи бастаған 210 адамнан тұратын бизнес-делегация келді.
Бұл туралы Талибан ұйымының ресми өкілі Забиулла Муджахид Twitter парақшасында хабарлады.
Олар 3-5 тамызда Астанада өтетін Қазақстан мен Ауғанстанның бизнес-форумына қатысады.
Айта кетейік, бұдан бұрын Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тұмыш "Талибан-террористік ұйым емес" деп мәлімдеген болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір