• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 12:45:13
Алматы
+12°

Орал қалалық соты пара алды деп айыпталған БҚО мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бұрынғы басшысы Дархан Қуанышевқа сот үкімін оқыды.

60 жастағы шенеунік ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігіне (айтарлықтай мөлшерде пара алу) сәйкес айыпты деп танылды. Сот оған параның 30 еселеп, яғни, 19,5 млн теңге көлемінде айыппұл салды.

Сонымен қатар ол мемлекеттік басқару органдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Шенеунікке пара берді деп айыпталған кәсіпкер Мирболат Мұхамедзянов та кінәлі деп танылды. Алайда шын өкінуіне байланысты ҚР ҚК 65-бабы 1-бөлігі негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Еске сала кетейік, шенеунік кәсіпкерден жалпы сомасы 650 мың теңге  пара алған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: парақорлық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір