• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 18:22:29
Алматы
+12°

Қазақстан тұрғындары цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің отставкаға кетуін талап етіп, петицияға қол қойып жатыр. 

"2023 жылы 11 шілдеде Бағдат Мусин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп,  интернеттің әлсіз болуының себебі "бағаның төмендігі мен қазақстандықтардың ғаламторды өте белсенді қолдануы" деп мәлімдеді. Осыдан кейін барлық қазақстандық ұялы байланыс операторлары интернет сапасы сол деңгейде қалғанына қарамастан, өз тарифтерінің бағасын бірден көтерді. Тіпті, Қазақтелеком соңғы пайдаланушы үшін таңдау қалдырмай, мұрағат тарифтерінің бағасын көтерді", - делінген петиция мәтінінде.

1 тамыздағы көрсеткіш бойынша Мусиннің отставкаға кетуін 12,6 мыңнан астам адам қолдаған. Ал 400-ден астам адам министрдің кетуіне қарсы дауыс берді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мусин Астана интернет жылдамдығы жағынан Токионы басып озатынын айтқан болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір