• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 01:18:08
Алматы
+35°

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу істері аяқталғанын мәлімдеді.

Тоқтабаев Қостанай облысындағы қатты пайдалы қазбалардың (никель және кобальт) ірі қоры анықталған "Шевченковское" кен орнын барлау жүргіземіз деген сылтаумен аукцион өткізбей, заңсыз сатқан деп айыпталған болатын.

"Шевченковское" кен орнын бірегей никель және кобальт түріндегі қатты пайдалы қазбалар 100 млн тонна 5,7 трлн теңге сомасына бағаланады.

Тергеу барысында  аталған кен орны мемлекет пайдасына қайтарылды.

Бас прокуратура айыпталушы Т. Тоқтабаевтың істін сотқа берді.

Еске салайық, 2016-2019 жылдар аралығында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болған Тимур Тоқтабаев 2022 жылдың қараша айында қамауға алынған. Тергеу сот санкциясымен Т.Тоқтабаевтың және оның жақын туыстарының (элиталық жеке үйлер, жер учаскелері, Cadillac Escalade маркалы автокөліктері, Mercedes-Benz Maybach S580 4 Matic, екі BMW X5 Xdrive40I, Bentley Bentayga V8) қымбат жылжымалы және жылжымайтын мүлкі анықталған еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір