• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 09:10:17
Алматы
+12°
 
Мәдениет және спорт министрлігі 3 букмекерлік кеңсенің лицензиясын сот тәртібімен жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
 
Жыл басынан бері заңнаманы бұзған 5 букмекерлік кеңсенің қызметі тоқтатылды. Айта кетейік, Қазақстандағы букмекерлік кеңселер саны 2 есеге қысқарды. 2021 жылдың басында елде 38 букмекерлік кеңсе жұмыс істесе, бүгінде олардың саны - 16. Ал оның ішінде іс жүзінде жұмыс істейтіндері - 12.
 
Букмекерлік кеңселердің санын азайту үшін мәдениет және спорт министрлігі түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр. Нәтижесінде соңғы 3 жылда букмекерлік кеңселер 15 лицензияны өз еркімен тапсырған.
 
"Бүгінгі таңда мәдениет және спорт министрлігінің қатысуымен ойын бизнесі және лотерея қызметі саласындағы заңнамаға 62 түзетуді, сондай-ақ ілеспе нормативтік-құқықтық актілерді көздейтін 3 заң жобасы әзірленді. Сондай-ақ, біз ойын бизнесінің жарнамасымен күресу үшін заңнамалық деңгейде түзетулерге бастамашы боламыз", - деді мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір