• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 10:19:02
Алматы
+12°

Астана қаласының дін істері басқармасы жерлеу рәсімі мен зират күтімі бойынша жаңа ережелер бекітуі мүмкін. Бұл туралы дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов мәлімдеді.

"Қазір жерлеу бойынша арнайы ережелер әзірлеп жатырмыз. Онда құлпытас биіктігі 1 метрден аспауы керек. Зират қоршалып, күтім жасалуы қажет. Жер кодексіне сәйкес, жерлеу үшін 2х3 шаршы метр жер тегін беріледі, бірақ көп адам басқа туыстары үшін екі орын сұрайды. Сондықтан жерлеу туралы ережеге толықтырулар енгіземіз"- деді дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов мәслихат отырысында.

Оның айтуынша, қаладағы 28 зираттың 16-сының ғана құжаттары реттелген. Ал санитарлық нормаға сәйкес, зират пен тұрғын үй арасында 300 метр қашықтық сақталуы шарт.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір