20 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Прокурорлар елдегі 800-ден астам мектеп лагерін тексеріп жатыр.
Бұған саунамен бір ғимаратта орналасқан лагерь дауы әсер еткен болуы мүмкін. Қазір Алматы қаласының прокуратурасы тергеп-тексеру амалдарын бастаған.
Ведомство мәліметінше, бүгінде елімізде 848 лагерь жұмыс істейді, оның 118-і мемлекеттік, 100 – жекеменшік, 630 – шатырлы.
Мұнымен қоса, министрлік жеке білім беру ұйымдарын тексеруге мораторийді алып тастап, балалар лагерлерін лицензиялауды ұсынды.
Еске салайық, бұдан бұрын Алматы маңындағы лагерге жіберілген оқушылар сауна аумағына орналастырылғаны белгілі болды.
Кейін қала әкімдігі қызмет көрсетуші компанияны сотқа беретінін мәлімдеген болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір