• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 08:01:17
Алматы
+12°
Ақтөбе облысында әкімді өлтірген ауыл тұрғыны сотталды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
 
Бұл оқиға 2022 жылдың 11 желтоқсанында Ақтөбе облысыАлға ауданындағы Сарықобда ауылдық округінде болған. Жергілікті фермер мен әкім жанжалдасып қалған. Ішімдікке сылқия тойып алғантұрғын жанжал кезінде ауыл әкіміне пышақ сұғып алған. Жәбірленушіден көп қан кеткен, ер адам алған жарақатынан қайтыс болды. Ал фермер абайсызда адам өлтіргені үшін жауапқа тартылды.
 
17 шілде күні Алға аудандық соты үкім шығарды. Прокурор сотталушыны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ол өз кінәсін толығымен мойындады, шын жүректен өкінетінін де жеткізді. Судья фермердің кәмелет жасқа толмаған балаларының бар екенін де ескерді. Оған қоса, сотталушы жәбірленуші тарапқа 25 миллион теңге моральдық шығын датөледі. Алайда қылмысты мас күйінде жасағаны жазаны ауырлататын мән-жай болды.
 
Судья әкімді пышақтап өлтірген ауыл тұрғынын 8 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.
 
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: әкім қаза тапты

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір