17 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Жамбыл облысындағы Аспара станциясындағы жүк вагондары жолдан шығып кетті, деп хабарлайды Қазақстан темір жолы компаниясының баспасөз қызметі.
Компанияның мәліметінше, 17 шілде сағат 01:05-те Түрксіб-Шу учаскесінің Аспара станциясында жүк вагондарының жолдан шығып кеткен. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Аталған жағдай жолаушылар пойыздарының жүру кестесіне әсер етті. Барлық пойыз ауыз сумен қамтамасыз етілген, вагон-мейрамханалар жұмыс істеп тұр", - делінген компания хабарламасында.
Орын алған жағдайдың себептерін анықтау үшін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында арнайы комиссиясы құрылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір