17 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Pavon.kz
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Павлодар облысындағы Коряковка көлі туралы пікір білдірді. Министрдің айтуынша, көлді айнайы зерттейтін комиссия құрылады.
"Қазақстандағы екінші әйгілі қызғылт көл Коряковкаға зерттеу жүргізіледі. Комиссия жұмысының нәтижелері Экология және табиғи ресурстар министрлігінің сайтында БАҚ-та жарияланады", – деді Сүлейменова.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Павлодар маңында орналасқан Коряковка көлін біреу кептіріп, сол жерден тұз сатады деген ақпарат тараған болатын.
Экология министрлігі тұзды заңсыз өндіру фактісі расталғанын айтты. Бұл ретте ведомство "өнеркәсіптік көлемде өндіру болмаған, жергілікті тұрғындар өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қарабайыр тәсілдерге жүгінген" деп атап өтті.
Сондай-ақ, министрлік көл суы қыста қардың аздығынан және жыл басынан бері еріген судың болмағанынан төмендегенін хабарлады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір