14 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Астана қалалық сотында қаңтар оқиғасынан кейін ҚР ІІМ-нен ресми түрде кешірім сұрауды талап еткен қырғызстандық музыкант Викрам Рузахуновтың апелляциялық шағымы қаралды.
Сот ешбір заңда көпшілік алдында кешірім сұрауды талап ету жоқ екенін мәлімдеді.
"Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді сот арқылы қорғау кезінде кешірім сұрауға мәжбүрлеу қарастырылмаған. Ешкім мәжбүрлі түрде өз пікірі мен сенімін білдіре немесе олардан бас тарта алмайды. Тиісінше сот ешкімді кешірім сұрауға міндеттеуге құқылы емес. Талапкер мәлімдеген басқа талаптар бойынша сот жеке шешім шығарды", - деп хабарлады сот.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астана қаласының Алматы аудандық соты қырғызстандық музыкант Викрам Рузахуновтың Қазақстан ІІМ атына берген ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы арызын қанағаттандырудан бас тартқан.
Әншінің қорғаушылары ҚР ІІМ-нен Рузахуновтың алматылық полицейлер қысымымен "Қазақстанға 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысу үшін келгені" туралы жауап бергенін алға тартқан еді. Сонымен қатар, олар бұл айғақтарды жалған деп тануды және музыканттан көпшілік алдында кешірім сұрауды талап еткен болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір