• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 13:44:15
Алматы
+35°

Бүгін ІІМ Дикий Арман құрған қылмыстық топтың 80-нен астам мүшесі ұсталғанын мәлімдеген болатын. Олардың қатарында белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі Нұржан Иманәлиев те бар. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлады. 

Ведомство Дикий Арманның қылмыстық тобының өзге мүшелерімен бірге оның Нойс лақап атымен танылған оң қолы да ұсталғанын айтқан болатын. БАҚ Нұржан Иманәлиевтің белгілі ақын, блогер Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі екенін жарыса жазып жатыр. Ол халықаралық іздеуде болған деген мәлімет те тарады.

Еске сала кетейік, "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев былтыр 7 қаңтарда ұсталған болатын. Ол "қаңтар кезіндегі тәртіпсіздіктерге қатысы бар" деп айыпталған.

Кейін ҚР Бас прокуратурасы "Дикий Арманның" Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын мәлімдеді. Содан бері оны қамауда ұстау мерзімі тоқтаусыз ұзартылып келеді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір