10 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Абай облысы Бесқарағай ауданында өрт шықты, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі. Аталған аймақта құрғақ шөп жанып жатыр.
"10 шілдеде сағат 12:35-те "101" пультіне Бесқарағай ауданында Бірлік пен Белокаменка ауылдарының арасында құрғақ шөптің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін ашық аумақта қамыс, бұта және құрғақ шөп өртеніп жатқаны анықталды", - делінген ведомство хабарламасында.
Тілсіз жау 4,5 гектар аумаққа жайылған. Өрт 15:18 сағатта оқшауланды.
"Орманқоры мен елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ. Қазіргі уақытта өртті сөндіруге Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің, "Семей Орманының" күштері мен құралдары, атап айтқанда 30 адам және 7 техника жұмылдырылды", - деп хабарлады министрлік.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір