10 Шілде, 2023 NEWS
Коллаж: Ulysmadia.kz
"Яндекс" компаниясы курьерлердің наразылық акциясына қатысты мәлімдеме жасады. Компания мопедшілердің бонусы қайта есептелетінін хабарлады.
"Бағдарламалардың бірінде техникалық ақаулар пайда болды. Соның салдарынан бонус есептелмей қалған. Қазір қайта есептеу жүргізіліп жатыр. Бонустар алдағы бірнеше күнде беріледі" - деді Яндекстің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, кеше Астанада "Яндекстің" мопедші курьерлері наразылық акциясына шыққан болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір