• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:44:36
Алматы
+12°

Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті Ақтау қаласындағы Каспий теңізінің жағалауында орналасқан жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарды. 

Бұл туралы Жер комитетінің төрағасы, ҚР Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы Мұрат Теміржанов мәлімдеген.

Қайтарылған жер телімдері:

- Ақтау қаласы, Самал-2 шағын ауданы мекенжайында орналасқан "Вилла" нысанын салу және күтіп ұстау үшін ауданы 225,9437 га жер учаскесі (Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ);

- Ақтау қаласы, 4 А шағын ауданы, 41 учаске мекенжайында орналасқан сауықтыру және ойын-сауық кешені бар қонақүйдің аумағын кеңейту үшін ауданы - 0,572 га жер учаскесі (Сот шешімі заңды күшіне енді).

Бұл жер учаскелерін коммерциялық мақсатқа беру кезінде Ақтау қаласының әкімдігі тжер заңнамасының нормалары бұзған.

Әкімдік жер учаскесін жер комиссиясының қорытындысы берілмей тұрып, жерге орналастыру жобасы жасақталмастан берген. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ақтау жер мәселесі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір