05 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Алматы қаласында қоғамдық көлікпен жүру ақысы өсетін болды. Қазіргі таңда жолақы 80 және 150 теңгені құрайды.
Алматы қаласы әкімдігі қаулысының жобасына сәйкес, қалада қоғамдық көлікпен жүру құнын 80 теңгеден 100 теңгеге арттыру жоспарланып отыр. Бұл жол ақысы ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері немесе көлік картасы немесе мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлеген жағдайда төленеді.
Ал қолма-қол ақшамен төлем 150 теңгеден 200 теңгеге артады.
Еске салайық, бұған дейін қала басшысы Ерболат Досаев Алматыда жолақыны күзге қарай көтеруді ұсынған болатын. Оның сөзінше, қалада жолақы 12 жылдан бері өзгермеген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір