05 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Назарбаев кеңсесінің жұмысын жалғастыру үшін бюджеттен 4 миллиард теңге сұралған.
ҚазТАГ ақпараттық порталының хабарлауынша, 2024-2026 жылдар аралығында Назарбаевтың кітапханасы, жеке мұрағаты мен мұражайының жұмыс істеуіне 4 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсалады.
Кеңсеге 2024 жылы 1 млрд 195 млн теңге, 2025 жылы 1 млрд 328 млн, 2026 жылы 1 млрд 338 млн теңге қажет екені жазылған.
Ал 2023 жылы мекемеге 5,6 млрд теңге бөлінгені анықталды. Ақпан айында Қаржы министрілігі Назарбаев кеңсесін қаржыландыруды біртіндеп қысқартатынын айтқан болатын.
Ал Қаржы министрі 7 маусымда Назарбаевтың кеңсесі 45 күнде таратылады деген еді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір