• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:27:08
Алматы
+12°

Украина президенті Владимир Зеленский Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиді емделу үшін Украинаға жіберуді талап етті. Ол Саакашвилиде Украина азаматтығы бар екенін негізге алды. 

Зеленскийдің мәлімдеме жасауына дүйсенбі күні Саакашвилидің үстінен өткен тағы бір қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы түрткі болған. Грузияның бұрынғы президенті сот отырысына "Вивамед" клиникасынан видео байланыс арқылы қатысқан. Видеода Саакашвилидің азып-тозғаны байқалады.

Саакашвили сөзін украин тілінде бастаған, содан соң саяси мәлімдеме жасап, осы күйге жеткізгені үшін парламент төрағасы Шалва Папуашвилиден кешірім сұрауды талап еткен.

Зеленский твиттеріне "Ресей Украина азаматы Михаил Саакашвилиді грузин билігінің қолымен өлтіргісі келеді" деп жазып, Киев Тбилисиден Саакашвилиді әлденеше рет сұрағанын, Батыс елдері де әртүрлі ұсыныс жасағанын еске салған.

 

Дереккөз: Азаттық радиосы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір