• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 12:26:16
Алматы
+12°

Талдықорған әкімі болып Бәзіл Ернат Дүйсенбекұлы тағайындалды.

Бәзіл Ернат Дүйсенбекұлы 1978 жылы туған. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын құрлысшы инженер, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін қаржы мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы қаласында «Базис-А корпорациясы» ЖШС-ның учаске шебері болып бастап, осы серіктестікте прораб, учаске бастығы болған.

Бірнеше жыл Астана және Алматы қалаларындағы жеке құрылыс компанияларында түрлі қызметтерде істеді.

Әр жылдары Алматы қаласының құрылыс басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы, Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.

2023 жылдың ақпан айынан осы күнге дейін Жетісу облысы әкімінің орынбасары болды.

Айта кетейік, 2022 жылдан бері Талдықорғанды Әсет Масабаев басқарып келді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір