• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 22:19:53
Алматы
+35°
UFC президенті Дана Уайт бірде-бір рет жеңілмеген қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың октагонға оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sports.kz.
 
Рахмонов октагонға 16 қыркүйекте шығады. Аралас жекпе-жек шебері бұл жолы америкалық Кевин Гастелуммен айқасады. Бұл UFC турнирінің негізгі жекпе-жектерінің бірі болмақ.
 
Айта кетері, Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақ дәрежесінде алтыншы нөмірде. "Номад" UFC-де бес жекпе-жек өткізіп, барлығында мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
 
Соңғы рет қазақстандық америкалық Джефф Нилді үшінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңген болатын.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір