• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 07:54:00
Алматы
+12°

Соңғы мәліметке сүйенсек, "Вагнер" әскерлері РФ шекарасын кесіп өтіп, Дондағы Ростов қаласына кіріп, қазір Воронеж қаласына жеткен.

"Вагнер"  басшысы Ростовта РФ Қорғаныс министрлігінің Оңтүстік әскери округында қорғаныс министрінің орынбасары Юнус-Бек Евкуровпен кездескен.

Кездесуде Пригожин өздерінің мұндай қадамға баруына Ресейдің тұрақты армиясының жалдамалылар лагерьлеріне ту сырттарына ракетамен соққы бергендері себеп болғанын мәлімдеді.

Ол Ростовқа келе жатқан жолда Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудың қорыққаннан қаладан қашып кеткенін айтты. Сол себепті ол қорғаныс министрінің орынбасарына ведомствоның басшысы Сергей Шойгу мен РФ Қарулы күштері бас штабының бастығы Валерий Герасимовты ұстап беруді талап етті.

"Ресей әскерінің Украинадағы адам қазасы құжатта көрсетіліп жатқандай емес. Одан 10 есе көп.  Сондықтан маған Шойгу мен Герасимовты тапсырыңыздар. Олармен оңаша әңгімем бар. Егер сіздер оларды осы жерге әкелмесеңіздер біз Мәскеуге барамыз" –  деді Пригожин.

Әзірге Қорғаныс министрлігі оған жауап берген жоқ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір