• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 16:20:22
Алматы
+12°

Қазақстанда алты айдың ішінде азаптау ісі бойынша 17 қауіпсіздік қызметкері сотталған. Бұл жөнінде бас прокуратура хабарлады.

"Азаптау фактілері бойынша күштік органдардың 35 қызметкеріне қатысты іс сотқа жіберілді. 17 адам сотталды”, –делінген прокуратураның жарты жылдықты қорытындылау есебінде.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, азаптаудың алдын алу мақсатында заңнамалық шаралар қабылданған.

"Құқық қорғау органдарымен бірлесіп айыпталған азаматтарды жеткізу қағидалары бекітілді, адамды ұстаған сәттен бастап міндетті бейнетіркеу қарастырылды. Колониялар, тергеу изоляторлары және тергеу органдары бейнебақылаумен қамтамасыз етіледі. Стамбул хаттамасының стандарттары бойынша азаптау туралы істерді тергеу әдістемесі әзірленді", – делінген есепте.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қр азаптау фактілері

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір