21 Маусым, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан мен ҚХР шекарасындағы өткізу пунктері уақытша жабылатынын ескертті, деп жазады ҰҚК баспасөз қызметі.
Қазақстан Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы келісімге сәйкес 22 маусымда шекара бекеттері жабық болады. Шекараның жабылуына Қытайда тойланатын Айдаһар қайықтары мейрамы (Дуань-у) себеп болған.
"Осыған байланысты 22 маусымда қазақ-қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пунктілерінде адамдар, көлік, жүк пен тауар өткізілмейді. Бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - деп ескертті ҰҚК.
Теміржолдағы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір