19 Маусым, 2023 Барлық аймақтар
Фото: Ашық дереккөз
Грузияда қаза тапқан қазақстандық журналист Жанболат Төлегенге қатысты жаңа ақпарат жарияланды.
Грузия ІІМ Кахетия полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде азамат Г.Х. қасақана кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды. Ол аталған қылмыс бойынша 10-15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Тергеу барысында сотталушы жанжал кезінде қазақстандық журналисті қатты затпен ұрып өлтірген. Сондай-ақ күдікті Жанболат Төлегенді бұрыннан танитын болып шықты.
Ресми деректер бойынша, күдікті қылмысын жасыру үшін әйелдің мәйітін өзенге ағызып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Аталған қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Еске салсақ бүгін Грузияда қазақстандық журналист Жанболат Төлегеннің қаза тапқаны хабарланған еді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір