• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 20:49:17
Алматы
+12°

Прокуратура Маңғыстау облысының колледждерінде жалған дипломдармен жұмыс істеген қызметкерлерді анықтады, деп хабарлады Маңғыстау облысының прокуратурасы.

Облыстық прокуратура мәліметінше, талдау жалған құжатты пайдаланудың 8 дерегін анықтады: Ақтау колледждерінде – 5 оқытушы, Қарақия ауданында – 3 оқытушы жұмыс істеген.

Прокурорлар барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап материалдарды одан әрі тергеп-тексеру жүргізу үшін полиция органдарына жолдаған.

Мысалы, құқық бұзушылардың бірі 2 жыл бойы Қарақия кәсіптік колледжінде жалған дипломмен тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша оқытушының жұмысын атқарған.

Қарақия ауданының соты оны ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша 30 сағат қоғамдық жұмыстар түрінде жаза тағайындаумен қылмыстық жауаптылыққа тартты.

Осы тектес құқық бұзушылық үшін аталған сот сол колледждің басқа екі оқытушысына қатысты үкім шығарды, олар жұмыстан босатылды.

Төрт эпизод бойынша полиция органдарының сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізген қылмыстық істері рақымшылық актісі бойынша тоқтатылды.

Бір дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Айта кетейік, 2022 жылы прокуратура ұқсас фактілер бойынша 14 қылмыстық іс тіркеген және осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруда.

Маңғыстау облысының прокуратурасы азаматтарды болашақ ұрпаққа қажетті білім беру және кәсіби ортаны қолдау үшін шынайы білім алуға шақырады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Маңғыстау мұғалім

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір