14 Маусым, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин Абай облысында өрт шыққан кезде Дубайда болған деген ақпарат тарады. Аталған ақпаратқа қатысты ведомства өкілі пікір білдірді.
Министрлік әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарып, экс-министрдің 8-9 маусымда жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстанда болғанын айтты.
"Жұмыс сапарының бірінші күні ол облыс орталығының жанында салынып жатқан ТЖД Өрт сөндіру қызметінің Жедел-құтқару жасағының кешеніне, Петропавлдың Береке шағын ауданындағы өрт депосы кешенінің құрылыс аумағына барды. Келесі күні ТЖМ басшысы облыс тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ үшін брифинг өткізіп, ҮЕҰ өкілдерімен кездесті. Министр Абай облысындағы өртке және өртті сөндіруге тартылған күштер мен құралдарды үйлестіру қажеттілігіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын тоқтатты", – деп түсіндірді ТЖМ.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір