• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:39:53
Алматы
+12°

Вице-министр Роман Скляр Абай облысындағы өртке қатысты журналистердің сұрағына жауап берді. Вице министр өрт сөндіруге болатын ең әуелгі сәтті жіберіп алғанымызды айтты. 

"Мұндай кезде жедел әрекетке көшу керек еді. Оқиға орнында жағдайға дұрыс баға берілмей қалған. Өрт тез тараған. Әлбетте, адам өлімі қашан да қайғылы. Қазір прокуратура тергеу жүргізіп жатыр. Содан кейін толық баға береді", деді вице-министр. 

Сондай-ақ Роман Скляр өртті сөндіруге көрші елдерден көмек сұралмайтынын айтты. 

“Біздің өз күшіміз жетеді. Сұраудың қажеті жоқ”, – деді ол.

Соңғы ақпарат бойынша, өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 1 800-ден астам адам, 350-ге жуық бірлік техника жұмылдырылған.

Өткен тәулікте өрт ошақтарына әуеден 546 рет көлемі 1 500 астам тонна су төгілді. Өртті сөндіру жұмыстары басталғалы бері өрт ошақтарына әуеден 1323 рет жалпы көлемі 4000 тоннаға жуық су төгілді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Роман Скляр өрт Абай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір