09 Маусым, 2023 NEWS
Фото: Ulysmedia.kz
Экологтардың тексерісінен кейін «АрселорМиттал Теміртауға» ауаны ластағаны үшін 1 млрд теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлады Қарағанды облысының Экология департаменті.
2022 жылдың 5 қыркүйегі мен 3 қазаны аралығында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ–ға жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Тексеру барысында өнеркәсіп орнында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы өрескел бұзылғаны анықталды.
"Негізгі заң бұзушылық – кокс, ЖЭО 2, агломерация, домна, №2, №3 металл илеу және әк күйдіру цехтарында шығарындылардың рұқсат етілген нормадан асып кетуі болды. Департамент экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 1 207 287 661 теңге әкімшілік айыппұл салды", - деп хабарлады ведомство.
Теміртау қаласы әкімшілік сотының шешіміне сәйкес, 2023 жылдың 15 тамызына дейін "АрселорМиттал Теміртау" АҚ айыппұлды үш кезеңмен бөліп төлеуі тиіс.
Еске сала кетейік, "АрселорМиттал Теміртауға" бұған дейін де 1,2 млрд теңге айыппұл салынған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір