06 Маусым, 2023 NEWS
Фото: Астанадағы орыс үйі
Қырымға лагерьге аттанған оқушылар аман–есен елге оралып, ата–анасына табысталған. Бұл туралы оқу–ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.
"Мұғалім тиісті жазаға тартылды. Бұл іс-шара ата–аналардың келісімімен өткізілді. Бұдан әрі болашақта бұған жол бермеу үшін министрліктің бұйрығынсыз және Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің рұқсатынсыз оқушылардың шетелге шығуына тыйым салу бойынша жұмыс жүргіземіз", – деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық мектеп оқушылары Қырымның оңтүстік жағалауындағы "Артек" лагеріне 24 күнге демалысқа жіберілген. Бұл ақпаратты Астана қаласындағы "Орыс үйі" жариялаған болатын.
Әлеуметтік желіде бұл оқиға қызу талқыға түсіп, министрліктен түсініктеме талап еткендер көп болды. Оқу–ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова ата–аналар білім беру ұйымдарына хабар бермей, аталған аймаққа балаларымен кетіп қалғанын айтты.
Ал Ғани Бейсембаев Қырымға балаларды жіберген мектептерге облыстық білім басқармасы тарапынан қатаң ескертулер берілгенін мәлімдеген болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір