05 Маусым, 2023 Спорт
Фото: Ашық дереккөз
Дзюдодан әлемдік Гран-при жарысы Тәжікстан астанасы Душанбеде өтуде. Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық дзюдошы Сұңғат Жұбатқан қола медаль жеңіп алды.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жұбаныш финалында Адриан Нието Чинарроны (Испания) иппон ұпайымен ұтты.
Жүлделі орынға дейінгі жолда Сұңғат Израиль спортшысы Даниэль Капелушник, тәжікстандық Нурали Эмомалимен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіп шықты. Ширек финалда Мурад Чопановқа есе жіберген ол, жұбаныш белдесуде ұлыбританиялық Чарли Янгтан басым болып, қола медаль үшін күресу мүмкіндігін алған болатын. Осылайша спортшымыз 5 белдесудің 4-еуінде жеңімпаз атанды.
Гран При жарысына 40 елдің 315 спортшысы қатысып жатыр. Әлемдік бәсеке маусымның 4-іне дейін жалғасады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір