• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 03:28:43
Алматы
+35°

Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы Марат Әбішев салық салушылар көбіне заңсыз айыппұл салатынын мәлімдеді. 

Оның айтуынша, өткен жылы  7 000 бизнес субъектісі 1,3 млрд  заңсыз айыппұлдан босатылған. 2023 жылы бұл жұмыс жалғасып, төрт айда 560 млн заңсыз салық салынғаны анықталған.

"Заң бұзушылықтарды көбіне салық органдары, полиция және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жасайды. Олар әкімшілік құқық бұзушылық орын алмағанына қарамастан бизнесті жауапқа тартады", – деді Марат Әбішев.

Сондай–ақ, ол салық салу туралы бұйрықтарды зерттеу нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтарды да ашып айтты.

"Салық салу туралы бұйрық тек жеке тұлғаларға қатысты шығарылуы тиіс. Ол негізінен табыс салығы, көлік және мүлік салығы бойынша салынады. Біз мұндай бұйрықтар заңсыз жолмен жеке кәсіпкерлерге, мүгедектерге, тіпті, қайтыс болған азаматтарға да шығарылғанын анықтадық. Зерттеу нәтижесінде 21 мың бұйрық жойылды", - деп мәлімдеді Әбішев.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: салық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір