• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 12:15:17
Алматы
+12°

"Қазатомөнеркәсіптің" бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің жаза мерзімі ресми түрде аяқталды. Бұл туралы Мұхтар Жәкішевтің өзі әлеуметтік парақшасында хабарлады. 

"Мерзім аяқталды. Мен азатпын", - деп жазды Мұхтар Жәкішев. 

Еске салсақ, Мұхтар Жәкішев 2009 жылы "Қазақстанның ірі уран кен орындарындағы үлестер түрінде мемлекет сеніп тапсырған мүлікті оларды бірқатар фирмалардың пайдасына иеліктен шығару жолымен жымқырды", Қазақстанның уран саласына залал келтірді деген айыптармен қамауға алынған болатын. 10 жылдан астам уақыт түрмеде отырған ол 2020 жылдың наурыз айында шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір