18 Мамыр, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Сыртқы істер министрлігі Тайландта қайық апатынан 3 қазақстандықтың зардап шеккенін хабарлады. Министрліктің хабарлауынша, қайықта 4 қазақстандық болған.
Тайландта жылдам жүзетін қайық Пхукет жағалауында апатқа ұшыраған және бортта 30-ға жуық адам болған. Олардың арасында Украина, Ресей және Қытай азаматтары да бар.
"Олардың үшеуі медициналық көмекке мұқтаж. Дәрігерлер тексергеннен кейін екі жерлесіміз ауруханаға жатқызылды. Жағдайлары тұрақты, денсаулықтары мен өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ", - деді СІМ.
Барлық шығынды қайықты иеленетін компания төлейді. Біздің консул зардап шеккен қазақстандық әйелдермен тұрақты байланыста.
Айта кетейік, бұған дейін Тайландта қазақстандық туристтің жөнсіз әрекеті үшін ұсталғаны хабарланған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір