• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 10:51:59
Алматы
+12°

Құмар ойындарға тәуелділік ҰҚК курсантының өліміне себеп болды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Көлқобаев айтты.

"Курсанттың өліміне құмар ойындарға тәуелділік себеп болғаны анықталды. Бұл ҰҚК академиясының тарихындағы алғашқы жағдай. Құмар ойындарға тәуелділіктің бірден пайда болмайды. Ең алдымен адамның құмар ойнай бастаған сәтін анықтау керек», – деді ол.

Қазір бұл істі полиция тергеп жатыр.

"Ұлттық қауіпсіздік органдарына алынбас бұрын кез–келген адамды тексеруден өткіземіз. Оның қатарында психологиялық тексеріс те бар. Болашақта академияда мониторинг жүргізетін боламыз, ол үшін арнайы психологиялық қызмет пен қауіпсіздік бөлімі бар",– деп мәлімдеді Марат Көлқобаев.

Еске сала кетейік, 30 сәуірде Алматыда ҰҚК академиясының курсанты өлі күйінде табылған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір