• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 19:53:47
+12°

Әлеуметтік желілерде жасанды интеллекттің дамуы, атап айтқанда GPT чатын құру қазірдің өзінде 35 миллион адамның жұмысынан айырылуына әкелді деген хабар тарады. Алайда бұл жаңалық шындыққа жанаспайды.

Бұл жаңалық Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер миллиондаған адамдар жұмысынан айырылғанын айтқан секілді етіп жасалған. Ақпаратта Жан-Пьердің фотосы тұрды.

Шын мәнінде, осы тақырып бойынша желіде қажетті зерттеу жүргізілді. Алайда іздеу ешқандай нәтиже бермеді. Бұл ақпаратқа қатысты ешқандай ресми мәлімдеме жоқ. Бірақ дәл осындай фотосурет Карин Жан-Пьерге арналған Википедия бетінде табылды. Сурет 2021 жылы 26 мамырда Ақ үйде түсірілгенін болып шықты. Ал 2021 жылы GPT чаты жасалмаған еді. Оның пилоттық нұсқасы 2022 жылдың 30 қарашасында ғана пайда болды. Демек, Карин Жан-Пьер 2021 жылдың мамырында GPT чатына байланысты жұмыстан шығару туралы қандай да бір мәлімде жасауы мүмкін емес.

Бүгінгі таңда сарапшылар бұл жасанды интеллект кейбір күнделікті жұмыс барысында адамдарды алмастыра алады деп болжайды. Бірақ жаппай жұмыссыздық туралы ешқандай болжам жасалмады.

Лаура Нурский Брюссельдегі Bruegel талдау орталығындағы Болашақ жұмыс тобының ғылыми қызметкері және жетекшісі, Al Jazeera тілшісімен сұхбатында жасанды интеллект адамдарды алмастырмайтын, тек олардың жұмысын толықтыратын және оны тиімдірек және өнімді ететін сценарий болуы мүмкін екенін айтты. Жасанды интеллектті енгізу сонымен қатар үлкен деректер мен машиналық оқытудан ақпараттық қауіпсіздік пен цифрлық маркетингке дейінгі заманауи салаларда жаңа жұмыс орындарын құруға қабілетті.

Қорытындылайтын болсақ, 35 миллион адам жасанды интеллекттің кінәсінен жұмысынан айырылды деген мәлімдемелер негізсіз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір