05 Мамыр, 2023 NEWS
Фото: qamshy.kz
Алматыда белсенді Әлнұр Ильяшев "сот үкімін орындамағаны үшін" 5 күнге қамауға алынды
Іс 4 мамыр күні Алматы әкімшілік сотында қаралды. Ильяшев 1 сәуірде "іс – шараларға қатысу" құқығынан айырылғанын біле тұра тіркелмеген Халықтық парламент отырысына қатысқан.
Азаттық радиосының хабарлауынша, белсенді сотта өз кінәсін толық мойындады. Қамауға алу мерзімі 4 сәуір күні сағат 12:00 ден бастап есептеледі.
Еске сала кетейік, осыған дейін заңгер Әлнұр Ильяшев Халықтық Парламент өкілдерімен бірге митинг ұйымдастырғаны үшін 15 күнге қамалған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір