28 Сәуір, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Маңғыстаулық 18 жасар Нұрлан әскерде оқ–дәрілерді тазартуға жіберілген. Жұмыс барысында снарядтың бірі жауынгердің қолында жарылып, екі саусағына зақым келтіреді. Мұнымен қоса өкшесіне зақым келіп, денесінде оқ ұшқыншақтары қалған әскеридің өзін соңында кінәлі етіп шығарып, шартты түрде 1 жылға сотталған.
Оқиға Маңғыстау облысындағы Бекет ата полигонында бір жарым жыл бұрын болған. Жауынгердің әпкесі сарбазды еш дайындықсыз оқ–дәрілерді тазартуға жібергендіктен, И снарядының бірі сарбаздың қолында жарылғанын айтады.
“Жауынгердің қолында арнайы берен сауыт болуы тиіс екен. Ол мұнда қауіпті қару болады деп ойламаған. Өйткені оларды арнайы дайындықсыз полигон тазартуға жіберілген. Меніңше, бұл дұрыс емес, себебі олар арнайы маман – сапер емес”, – дейді Назым Өмірбаева.
Он сегіз жасар Нұрлан оң қолындағы екі саусағы мен сол өкшесінен айырылған. Астана арнасының хабарлауынша, дәрігерлер оның денесін оқ қалдықтарынан толықтай тазалай алмаған. Сонымен қатар, сарбаз болған оқиғаға кінәлі деп танылып, бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған.
Үкім шығарылған Ақтөбе гарнизоны әскери сотта әскери қызметкердің қару ұстау ережесін бұзғанын айтты. Бірақ жәбірленушінің туыстары бұл үкіммен келіспейді. Олар тәжірибесіз сарбаздың қорғаныс киімінсіз оқ–дәрі тазалаумен айналыспауы керек екеніне сенімді. Қазір жас жауынгер жұмысқа жарамсыз болып қалған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір