• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:49:46
Алматы
+12°

БАҚ-та  парламенттік сайлаудың дауыс беру қорытындылары туралы жалған хаттамалар суреті тарап кеткен. Аталған сурет әлеуметтік желіде қызу талқылануда.

Бір мандатты сайлау округі бойынша № 4 округтің № 99 сайлау учаскесінің мәжіліс депутаттарына дауыс беру қорытындылары туралы учаскелік СК хаттамаларының фотосуреттері бір күн бұрын БАҚ та тарап кетті. Алайда Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясы оның жалған екенін айтты.

ау

АСК да түсіндірілгендей, біріншіден, жарияланған фотосуреттерде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 18/672 қаулысына № 32 қосымшаға сәйкес хаттама толтырылған. Құжаттың мазмұнында саяси партиялардың атауларының орнына нөмірі төртінші бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті мәжілісінің депутаттығына кандидаттар көрсетілген.

Екіншіден, хаттаманың түпнұсқасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 18/672 қаулысы бойынша рәсімделеді. Ал БАҚ тағы суретте 28 кандидаттың орнына тек 6 үміткердің аты-жөні көрсетілген.

Үшіншіден,  сайлау күні учаскеде отандық және шетелдік БАҚ өкілдері мен халықаралық ұйымдардың, саяси партиялардың 5 бақылаушысы болған. Сонымен қатар үміткерлер өздерінің сенімді өкілдерін де сайлау прцессін бақылауға жіберген.

Қазақстан Республикасының сайлау туралы конституциялық заңының 43 бабының 8 тармағына сәйкес, сайлау кезінде  дауыс беруге қатысқан адамның өтініші бойынша оған комиссия төрағасы мен хатшысының қолдарымен және сайлау комиссиясының мөрімен куәландырылған хаттама берілуі керек. Сенім білдірілген адамдар мен байқаушылардың бірде-біреуі белгіленген тәртіппен куәландырылған хаттамалардың көшірмелерін алған жоқ, тіркеу журналында  көшірмелерді алу фактісін растайтын бақылаушылар мен сенім білдірілген адамдардың қолдары қойылмаған.

Төртiншiден, хаттамаға екi мөр қойылады. Олар түпнұсқаның көшiрмесiндегi мөр мен учаскелiк СК төрағасы мен хатшысының қолы қойылған мөр.

Бесіншіден, таратылған фотосуретте комиссия мүшелерінің қолдарынан басқа қол қойылған. Сондай ақ, құжаттағы мөр дұрыс көрінбегендіктен, оның қандай мөр екенін, қай учаскеге тиесілі екенін анықтау мүмкін емес.

«Жоғарыда айтылғандарды ескерсек, фотосуреттегі №99 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы емес. Бұл әрекетті сайлау нәтижелерін бұрмалау мен дискредитациялау деп санаймыз. Осыған байланысты, Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы халықты алдамау үшін тек шынайы ақпарат таратуға шақырады», - деп қорытындылады АСК.

Сондай-ақ, аумақтық сайлау комиссиясы жалған ақпарат таратқандарды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына жүгінетіндерін айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір