• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 11:42:10
Алматы
+12°

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, күн сайын Қазақстанға шамамен 7 мың ресейлік келіп, сонша адам елден шығады. Алайда не өсу, не кему көрсеткіші байқалмайды. 

"Былтырғы оқиғаға байланысты мемлекеттік органдар бақылау тетігін жасап шығарған. Бұл шекара қызметінен бастап, уақытша тұруға рұқсат қағазын алғанға дейінгі процестерді автоматтандырумен байланысты. Сәйкесінше, былтыр келген азаматтар ЕАЭО елдерінде тұру бойынша жаңа ереже қабылданғаннан кейін Қазақстанда күнтізбелік 180 күн ішінде 90 күннен артық бола алмайды" – деді министрлік өкілі Ілияс Еспанов.

Кей дерекке қарағанда мобилизациядан кейін Ресейден 400–800 мың адам қоныс аударған, деп хабарлады Азаттық радиосы.

Эмигранттардың 100 мыңнан астамы Грузияда, 100 мыңы Қазақстанда қалған. Шамамен 40 мыңы Арменияға қоныс аударса, 35 мыңы Израильге, Қырғызстанға және Еуроодақ елдеріне кеткен. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір